Logo
Іздеу
Айдарлар

9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

/
9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: pexels

Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігіне суық антициклон жылдам енді. Ол жауын-шашынды тоқтатып, ауа температурасының күрт төмендеуін алып келеді. Солтүстік өңірлерден кейін суық бүкіл Қазақстанды қамтиды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, көптеген өңірлерде көктайғақ, бұрқасын, қар және ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты дауылды ескерту жарияланған. Мәселен, Ақмола облысында түнде –28 °C, Қарағандыда –25 °C, СҚО мен Павлодар облыстарында –30 °C дейін суытады.

▪️ Астанада күндіз –20–22 °C, қар, бұрқасын. Түнде –23–25 °C. Желдің жылдамдығы — 9–14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін.

▪️ Алматыда күндіз 0…+2 °C, жаңбыр, қар, тұман. Түнде –10–12 °C, кей жерлерде қатты қар, көктайғақ. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.

▪️ Шымкентте күндіз +3…+5 °C, жаңбыр, қар, кей уақытта тұман. Түнде –1…–3 °C, қар. Желдің жылдамдығы — 5–10 м/с.