Солтүстік циклонның әсері әлсіреп, ел аумағына атланттық циклон келуде. Ол жаңбыр, қар және көктайғақ әкеледі, ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде қарлы боран мен бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Жиырма градустық аяз шегінеді. Күндіз термометр бағаны солтүстік, шығыс және орталықта 0…–5 °C, батыс пен оңтүстікте 0…+8 °C шамасына көтеріледі.
▪️ Астанада күндіз –3–5 °C, түнде –5–7 °C, қар, аздап бұрқасын. Желдің жылдамдығы — 9–14 м/с.
▪️ Алматыда күндіз +4+6 °C, түнде 0…–2 °C, таңертең жаңбыр мен қар. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.
▪️ Шымкентте күндіз +9+11 °C, түнде +2+4 °C, тұман, кей жерлерде жаңбыр мен қар. Желдің жылдамдығы — 8–13 м/с.