Logo
Іздеу
Айдарлар

"Сүйінші хабар жетті": Баян Мақсатқызының құдағиы қуанышты жаңалықты жеткізді

/
"Сүйінші хабар жетті": Баян Мақсатқызының құдағиы қуанышты жаңалықты жеткізді
ашық дереккөзден

Белгілі дәрігер, хирург-онколог Диляра Қайдарова онкология саласындағы әлемнің 100 ең ықпалды әйелінің қатарына кірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

OncoDaily платформасы 2023 жылы АҚШ-та өткен Әйелдердің теңдігі күніне орай жобаны бастап, әр апта сайын онкологияда айтарлықтай жетістікке жеткен 10 әйел маманды таныстырып отырған. Соның нәтижесінде 2024 жылы толық жаңартылған тізім жарияланып, оған Диляра Қайдарова да енді.

30 жылдан астам тәжірибесі бар отандық онколог Қазақстанда қатерлі ісіктің алдын алу бағытында көптеген маңызды бастамаларды жүзеге асырып келеді. Ол құрған "Together Against Cancer" қоғамдық қоры онкология саласындағы мамандарды, мемлекеттік органдарды және азаматтық қоғамды ортақ алаңда біріктіруге бағытталған. Қордың мақсаты – қатерлі ісікті ерте анықтауды күшейту, емдеу сапасын арттыру және қолжетімділікті кеңейту.

Диляра Қайдарованың еңбегі халықаралық деңгейде де жоғары бағалануда. Ол Thomson Reuters ұйымы ұсынатын, қатерлі ісік саласындағы ғылым мен білімге қосқан үлесі үшін берілетін "Leader of Science" марапатының иегері.

Айта кетейік, Диляра Қайдарова – продюсер Баян Мақсатқызының құдағисы.