Қыс мінезін көрсетуде: ел аумағының басым бөлігін бұрқасын, көктайғақ, жаңбыр мен қар басты. Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында синоптиктер желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін және одан да жоғары болатын өте күшті дауылды болжап отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, көптеген өңірде бүгінге дауылды ескерту жарияланған. Қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар тасжолдар жабылып, мектептерде оқушылар қашықтан оқыту форматына көшіріліп жатыр.
▪️ Астана: күндіз –8…–10 °C, түнде –10…–12 °C. Қар, бұрқасын, көктайғақ. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 30 м/с және одан жоғары.
▪️ Алматы: күндіз –1…+1 °C, кейін ауа температурасы төмендейді. Жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ. Түнде –5…–7 °C, тұман. Жел 3–8 м/с.
▪️ Шымкент: күндіз 0…+2 °C, түнде –2…–4 °C. Тұман, көктайғақ. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін.