Logo
Іздеу
Айдарлар

"Көп табыс тапқанын көре алмады": Әкесі өзінің туған қызын атып өлтірді

/
"Көп табыс тапқанын көре алмады": Әкесі өзінің туған қызын атып өлтірді
PTI. Суретте: Радхика Ядав

Үндістанда 25 жастағы болашағынан үміт күттірген спортшы Радхика Ядавтың қазасы елді есеңгіретті. Жергілікті полицияның мәліметінше, Харьяна штатындағы Гуруграм қаласында танымал теннисші өз әкесінің қолынан қаза тапқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті қызын бес рет атып, оқтың үшеуі арқасына тиген. Ауыр жарақат алған Радхика ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Бастапқыда оқиға тұрмыстық жанжал ретінде тіркелген. Алайда көршілер мен туыстардың айтуынша, соңғы уақытта әкесі қызын қызғанышпен бақылап, оның танымалдығы мен әлеуметтік желідегі белсенділігіне қарсы болған. Радхика жеке теннис академиясын ашып, табысты жұмыс істегені де айтылды.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр. Бұл қайғылы жағдай Үндістанда гендерлік теңсіздік пен отбасылық зорлық-зомбылық мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды. Қоғам белсенділері әділ тергеу жүргізіп, әйелдердің қауіпсіздігін күшейту қажеттігін атап өтуде.