«Қазгидромет» мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тек елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтіледі.
▪️ Астана – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде −23–25 °C, күндіз −12–14 °C.
▪️ Алматы – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, түнде −2–4 °C, күндіз +3–5 °C.
▪️ Шымкент – ауыспалы бұлтты, жаңбыр, түнде +1–3 °C, күндіз +8–10 °C.