Logo
Іздеу
Айдарлар

5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

/
5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Arasha.kz

Бүгін елдің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады деп күтілуде. Ал республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қармен қатар жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, республика бойынша көктайғақ, тұман және екпінді жел болады деп болжануда. Елдегі орташа температура -13 °C-тан төмен түспейді.

Астанада: күндіз -7–9 °C, түнде -8–10 °C, қар жауып, боран соғады. Желдің жылдамдығы — 9–14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Алматыда: күндіз 0…+2 °C, көктайғақ, мезгіл-мезгіл тұман түседі. Түнде -2–4 °C. Желдің жылдамдығы — 2–7 м/с.

Шымкентте: күндіз +3–5 °C, түнде -3–5 °C, тұман түседі. Желдің жылдамдығы — 8–13 м/с.