Logo
Іздеу
Айдарлар

Тұман, көктайғақ – 19 қаңтардағы ауа райы болжамы

/
Тұман, көктайғақ – 19 қаңтардағы ауа райы болжамы
Сурет: pexels

«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауады. Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз аязды ауа - райы күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанады.

Елдің шығысында өте қатты аяз сақталады — түнде ауа температурасы –45°C-қа дейін төмендейді. Абай облысының шығысында –40°C-қа дейін, Жетісу облысында –27°C, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында –22°C-қа дейін суық болады.

Қазақстанның 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.