Logo
Іздеу
Айдарлар

Қар жауып, бұрқасын болады: 20 қаңтарға ауа райы болжамы

/
Қар жауып, бұрқасын болады: 20 қаңтарға ауа райы болжамы
Сурет: pexels

Қазгидромет 20 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Павлодарда 20 қаңтарда күндіз қар жауып, бұрқасын жүреді, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ болып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз облыстың тау асуларында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Шымкент және Түркістан қалаларында 20 қаңтарда тұман болатыны болжанады.

Түнде және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүріп, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таразда 20 қаңтарда кей уақыттарда тұман болады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде және орталығында да тұман болатыны болжанады.

Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың батысында тұман түседі. Петропавлда 20 қаңтарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүретіні болжанады.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 20-22 градус қатты аяз болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, оңтүстігінде  қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі. Қостанайда 20 қаңтарда тұман болатыны болжанады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз сақталады, ал Өскеменде 20 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады.

Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Жарма ауданындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25-27 градус қатты аяз болады.

Астанада 20 қаңтарда кей уақыттарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с. Алматыда және Қонаевта да 20 қаңтарда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болатыны болжанады.