Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды

/
Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды
Сурет: pexels


«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, дүйсенбі, 23 ақпанда еліміздің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жасалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Батыс Қазақстан облысы: Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында да тұман болады.

Астана: Кей уақытта қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысы: Батыста, солтүстікте, оңтүстікте және таулы аудандарда тұман түседі. Тау өткелдерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Шымкент пен Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысы: Орталықта тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылордада кей уақытта тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысы: Түнде қар жауып, боран соғады. Күндіз шығыста қар мен боран жалғасады. Батыста тұман күтіледі. Петропавлда түнде қар мен боран болады, желдің екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы: Түнде солтүстік, шығыс және оңтүстік аумақтарда қар жауып, боран соғады. Облыстың басым бөлігінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысы: Түнде және таңертең солтүстікте және орталықта тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ұлытау облысы: Солтүстікте, шығыста және орталықта қар жауып, жаяу боран соғады, тұман түседі. Жезқазғанда түнде қар, жаяу боран және тұман күтіледі.

Қарағанды облысы: Облыстың басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда қар, боран және кей уақытта тұман болады.

Жамбыл облысы: Кей уақытта тұман түседі. Таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Таразда да тұман күтіледі.

Абай облысы: Күндіз облыстың басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, оңтүстікте көктайғақ болады. Семейде қар, боран күтіледі, желдің екпіні күндіз 23 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысы: Қар жауып, боран соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Өскеменде қар, боран болып, желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысы: Қар жауып, боран соғады, батыс пен оңтүстікте қалың қар күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 25 м/с жетеді. Павлодарда қар мен боран болады.

Ақтөбе облысы: Солтүстікте және батыста тұман күтіледі. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Алматы облысы: Түнде және таңертең оңтүстікте, таулы аудандарда тұман түседі. Күндіз жел 15-20 м/с жетеді. Алматы мен Қонаевта түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысы: Қар, боран, көктайғақ болады. Солтүстік пен шығыста түнде қалың қар жауады. Көкшетауда қар жауып, боран соғады, түнде қалың қар түседі.

Жетісу облысы: Тұман күтіледі. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.