Logo
Іздеу
Айдарлар

Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

/
Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: pexels

«Казгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұма күні Қазақстанның 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Батыс Қазақстан облысында: облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қостанай облысында: облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман болады.

Түркістан облысында: түнде жауын-шашын, облыстың батысы мен таулы аудандарында қалың жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында жауын-шашын, батысы мен таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады. Сонымен қатар тұман, көктайғақ және жаяу боран күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте: кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және тұман күтіледі.

Түркістанда: кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және тұман болады.

Қызылорда облысында: көктайғақ, облыстың орталығы мен солтүстігінде жаяу боран, түнде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылордада: көктайғақ, жаяу боран, түнде тұман күтіледі. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында: түнде облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында қалың қар, күндіз оңтүстікте қатты жауын-шашын (негізінен қар) күтіледі. Тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы мен Қонаевта: кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15 м/с жетеді.

Қарағанды облысында: түнде және таңертең оңтүстікте қар жауып, жаяу боран соғады. Солтүстік пен шығыста тұман болады. Түнде облыстың шығысында 35 градус қатты аяз күтіледі.

Ақтөбе облысында: түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында: батыста, солтүстікте және орталықта желдің екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с дейін күшейеді.

Ақтауда: желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысында: солтүстікте, шығыста және оңтүстікте тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Абай облысында: оңтүстікте тұман, шығыс пен оңтүстік-батыста жаяу боран күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында: солтүстік пен оңтүстікте тұман болады. Түнде облыстың солтүстігінде 41 градус өте қатты аяз күтіледі.

Жамбыл облысында: таулы аудандарда қалың қар, жаяу боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 25 м/с жетеді.

Таразда: кей уақыттарда тұман мен көктайғақ болады.

Жетісу облысында: оңтүстікте, шығыста және таулы аудандарда кей уақыттарда қалың қар жауып, көктайғақ болады.

Талдықорғанда: кей уақыттарда тұман түседі.

Астана: Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Температура түнде -31-33, күндіз -19-21 градус.

Алматы: Бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (негізінен қар). Тұман, көктайғақ. Температура түнде -2-4, күндіз 0, -2 градус.

Шымкент: Көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын, тұман. Температура түнде +1+3, күндіз +6+8 градус.