Әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов концерт барысында әріптесі Тұрсынбек Қабатов туралы күтпеген мәлімдеме жасап, оның екі күннен бері табылмай жатқанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өнер иесі сахна үстінде сөйлеген сөзінде жағдайдың оңай емес екенін жеткізді.
"Көпшілігіңіз Мөлдірді білесіздер. Бірақ қазір Айман деген келін бар... Сіздерден ұят болып тұр. Екі күн болды, Тұрсынбекті таба алмай жатырмыз. Бұл күлетін жағдай емес. Байың жоғалып кетсе, күлкілі нәрсе ме?" – деді ол.
Сонымен қатар, Уәлибек Әбдірайымов әзілкешті іздеу жұмыстарының да нәтиже бермей жатқанын айтты.
"Іздейтін жерді іздейін десем, ол жақты іздеудің қажеті жоқ екен. Екі күннен бері жоқ адамды табу оңай емес. Өзінің жұбайы таба алмай отырғанда, мен қайдан табайын? Айтыңыздаршы?" – деп сөзін қорытындылады ол.