Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Аптап ыстық пен дауыл қатар күтіледі: 8 маусымға арналған ауа райы болжамы

Аптап ыстық пен дауыл қатар күтіледі: 8 маусымға арналған ауа райы болжамы
Ulrich Baumgarten via Getty Images

"Қазгидромет" мамандары 8 маусымға арналған ауа райына байланысты еліміздің 15 өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенбі күні бірқатар аймақта аптап ыстық сақталып, кей өңірлерде найзағай, бұршақ, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. Сондай-ақ бірнеше облыста өрт қаупі жоғары деңгейде болмақ.

Ұлытау облысында күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін. Желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының шығысында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін ысиды. Облыстың батысы, солтүстігі, орталығы және шығысында өрт қаупі жоғары.

Павлодар облысында күндіз 35 градус ыстық болады. Өңірдің батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел екпіні 18 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Жетісу облысында да күндіз 35 градусқа дейін ыстық болады. Облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Кей аумақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Маңғыстау және Қызылорда облыстарында кей жерлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.

Ақмола, Ақтөбе, Абай, Шығыс Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында да жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Астанада жоғары өрт қаупі сақталады. Синоптиктер тұрғындарға ауа райы қолайсыз болған кезде сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.