Бүгін, 15 маусымда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер кей облыстарда аптап ыстық, найзағай, бұршақ, дауыл және күшті жел күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Күндіз желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында да кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.
Атырау облысының бірнеше ауданында жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Күндіз облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында бұршақ пен дауыл болуы ықтимал. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі бар. Атырау қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың бірқатар бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 35-36 градус ыстық болады. Алматы қаласында да жоғары өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанды. Түнде және таңертең кей аудандарда тұман түседі. Петропавлда түнде аздаған жаңбыр жауып, күндіз найзағай мен бұршақ болуы мүмкін.
Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ақтауда күндіз жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.
Жамбыл облысының таулы аудандарында, сондай-ақ батысы, солтүстігі және оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыс бойынша ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріледі. Кей аумақтарда төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай және 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы мүмкін.
Павлодар облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Павлодар қаласында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі ықтимал.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірдің батысы мен оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.