Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

42 градус ыстық, бұршақ пен дауыл: 17 шілдеге арналған ауа райы болжамы

42 градус ыстық, бұршақ пен дауыл: 17 шілдеге арналған ауа райы болжамы
pixabay.com

17 шілде, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады. «Қазгидромет» синоптиктері бірқатар өңірде найзағай, бұршақ, екпінді жел, шаңды дауыл және аптап ыстық күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15–20 метрге жетеді. Өңірдің батысы мен солтүстігінде төтенше, ал оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары, ал солтүстік, оңтүстік және шығыс аудандарында төтенше өрт қаупі бар.

Алматы облысында күндіз ауа температурасы 35–39 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталса, қалған аудандарында жоғары өрт қаупі болжанды. Алматы мен Қонаев қалаларында да өрт қаупі жоғары болады.

Маңғыстау облысының солтүстік, батыс және орталық аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15–20 метрге жетуі мүмкін. Ақтауда түнде және таңертең жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанды. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа жетеді. Көкшетауда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Павлодар облысының солтүстік және батыс аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел секундына 15–20 метр жылдамдықпен соғады. Өңірде күндіз 35–37 градус ыстық болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, ал кей аудандарында төтенше деңгейде сақталады. Таразда күндіз ауа температурасы 40–42 градусқа дейін көтеріледі.

Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 23 метрге жетеді. Өңірдің оңтүстігі мен шығысында 37 градус ыстық күтіледі.

Атырау облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ болжанды. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35 градус болады.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде нөсер, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні күндіз секундына 23–28 метрге жетуі ықтимал. Өңірде 35–38 градус аптап ыстық сақталады. Өскеменде де бұршақ пен дауыл болжанды.

Абай облысының бірнеше ауданында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 35–38 градусқа жетеді. Семейде жаңбыр, найзағай және қатты жел болжанды.

Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өңірдің орталығында шаңды дауыл тұрып, жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде күндіз 37 градус ыстық болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, бірқатар ауданда найзағай, бұршақ және дауыл болжанды. Жел екпіні кей уақытта секундына 23 метрге дейін күшейеді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ пен дауыл болуы ықтимал. Жел секундына 15–20 метр жылдамдықпен соғады. Оралда да жаңбыр, бұршақ және дауыл болжанды.

Ал Астанада жауын-шашын туралы ескерту жасалмағанымен, жоғары өрт қаупі сақталады.