Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Месси Ламин Ямальмен түскен танымал фотосуретке пікір білдірді

Месси Ламин Ямальмен түскен танымал фотосуретке пікір білдірді
Фото: әлеуметтік желі

Месси 19 жылдан кейінгі күтпеген кездесуді еске алып, Ламин Ямальмен түскен танымал фотосуретке пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

17 шілде күні Нью-Йоркте өткен FIFA Fanatics Fest фестивалінде Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлеуметтік желіде кең тараған сурет туралы пікір айтты. Бұл фотода ол бес айлық Ламин Ямальды шомылдырып жатыр. Сурет 2007 жылы түсірілген. Сол кезде Ламиннің ата-анасы қайырымдылық фотосессиясына қатысу құқығын жеңіп алған, ал түсірілімге Месси де қатысқан. Нәтижесінде 20 жастағы Мессидің сәби Ламин Ямальды шомылдырып жатқан ерекше суреті пайда болған.

Араға 19 жыл салып, Ламин Ямаль Испания құрамасының шабуылшысына айналды. Ал 19 шілдеде Аргентина мен Испания құрамалары футболдан әлем чемпионатының финалында кездеседі.

«Ламин – керемет талантты футболшы. Мен оны үнемі бақылап жүремін, өйткені ол мен сүйетін клубта ойнайды. Оған тек сәттілік тілеймін. Небәрі 19 жасында ол әлемдегі ең үздік ойыншылардың бірі саналады және оның алдында әлі ұзақ әрі жарқын мансап күтіп тұр. Шынымды айтсам, бұл ескі сурет өте ерекше. Өмір деген қызық қой: кезінде мен онымен сәби кезінде суретке түстім, ал бүгін екеуміз әлем чемпионатында бір-бірімізге қарсы тұрмыз», – деді Месси.