21 шілдеде Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы әртүрлі болады. OpenWeather порталының болжамынша, Астана мен Алматыда жаңбыр жаууы ықтимал, ал Шымкентте күн ала бұлтты болады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алматыда күндіз ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріледі. Түнде 20 градус шамасында болады. Желдің жылдамдығы секундына 10,2 метрге жетуі мүмкін.
Астанада да өткінші жаңбыр болжанып отыр. Күндіз елордада 27 градус жылы болса, түнде ауа температурасы 16 градусқа дейін төмендейді. Жел секундына 8,8 метр жылдамдықпен соғады.
Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Күн ала бұлтты болып, күндіз ауа температурасы 33 градусқа дейін көтеріледі. Түнде 26 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы секундына 7,4 метрді құрайды.