«Қазгидромет» мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Иран аумағынан келетін құрғақ ауа массаларының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерден басқа аймақтардың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. 1 тамызда батыс, солтүстік-батыс және солтүстікте күндізгі температура 25-35 градусқа дейін төмендейді. Ал орталық, шығыс және оңтүстік-шығыста 33-41 градус, оңтүстікте 35-44 градусқа дейін аптап ыстық болады.