Мақпал Жүнісова үйіне құрылыс жұмысын жасаған жігіттерді сынады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әншінің айтуынша, құрылыс жұмысы жүргізілгеннен кейін әлі 1 жыл өтпеген үйінің қабырғалары түсіп жатыр екен.
«Құрылысшылардың жасап кеткені. Өзіміздің қазақтың жігіттері. 55 млн теңге алды. 4 ай есік алдына киіз үй құрып жатты. Тамағымды ішті. Мені жесір әйел, ештеңе білмейді дегені ме? Әттең, Зәкең жоқ, бастарын жұлып алатын еді“, - дейді әнші.
Желі қооданушылары әншіден кінәлілерді жауапқа тартуды сұрады. Бәрі заң алдында жауап беруі керек екенін айтуда.