Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына және жаңа Конституцияның қабылдануына тоқталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдаудың мәні мен мазмұны ерекше екенін атап өтті. Ол 25 қазанда атап өтілген Республика күнінің тарихи маңызына назар аударып, Егемендік туралы декларацияның қабылдануы Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасуына негіз болғанын айтты.
Президенттің сөзінше, биыл тәуелсіздікке 35 жыл толуы ел тарихындағы маңызды белес саналады. Сондай-ақ наурыз айында қабылданған жаңа Конституция мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындап берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны бірнеше ұрпақ арасындағы маңызды келісім ретінде бағалады. Оның айтуынша, халық қолдаған негізгі заң 1 шілдеде күшіне еніп, саяси жүйені жаңартуға және жаңа билік институттарын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысы елдегі ауқымды өзгерістер қазірдің өзінде жүзеге асып жатқанын және азаматтардың бұл үдеріске белсенді қатысып отырғанын жеткізді.