24-05-19 |
3800 рет қаралған
ШҚО әкімшілігі Қытайға жер беру мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады.
ШҚО әкімшілігі Қытайға жер беру мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Шығыс Қазақстан облысында Қытай инвесторларына жер беріледі (сатылады) деген ақпаратқа қатысты облыстық жер қатынастары басқармасының басышысы Виктория Барсукова арнайы түсініктеме берді, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Виктория Барсукова
Виктория Барсукова

Қазіргі уақытта Үржар ауданының аумағында 300 га жер мемлекеттік резервтен шығарылған. Осы екі учаскеге құс фабрикасын салу жоспарланған. Ауқымды құрылыс жұмыстарына қазақстандықтар мен қатар шетелдік инвесторлар да қатыса алады. Жерді сату туралы ешқандай әңгіме жоқ. Сонымен қатар Үржар ауданында 40 мыңға жуық гектар ауылшаруашылық телімдері құс фабрикасының жемшөп қорын қамтамасыз ету мақсатына мемлекет меншігінде сақталып тұр, – дейді В. Барсукова.

Басқарма басшысының сөзіне сенсек, жоғарыда айтылған 40 мың гектар жер бұрынғыдай мемлекет меншігінде қала бермек. Аталған аумаққа болашақта салынатын құс фабрикасының азығы, яғни тауық жеміне арналған дәнді дақылдар егіледі. Заң бойынша бұл жерлер мемлекет меншігінде, сондықтан аталмыш учаскелерді сатуға немесе шетелдіктерге беруге ешкімнің ешқандай құқығы жоқ. Жер тек қана Қазақстан азаматтарына немесе шетелдің қатысуынсыз заңды тұлғаларға ғана беріледі.
Әлеуметтік желілерде 40 мың гектар жердің шетелдіктерге берілетіні туралы ақпарат тарап халық арасында алуан түрлі пікір айтылып жатқаны белгілі. ШҚО жер қатынастары басқармасы аталмыш ақпараттың жаңсақ екен және ешқандай шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.