20-02-20 |
280 рет қаралған
Германияның Ханау қаласында атыс болып, тоғыз адам қаза тапты.
Германияның Ханау қаласында атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Германияның Ханау қаласында атыс болып, тоғыз адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды.

Ханаудағы барлардың бірі Midnight-та сосын, Arena Bar & Cafe-де жергілікті уақытпен 22:00-де келушілердің бірі атыс шығарып, басында сегіз адам қаза тапты деп айтылған. Кейінірек қылмыскер өз үйінде тағы бір қаза тапқан адамның мәйітімен бірге табылып, таңға жуық қайтыс болғандар саны тоғыз деп хабарланды.

Полиция әзірге басқа қылмыскерлер жоқ дейді, бірақ тергеу әлі жалғасып жатқанын айтып отыр.

Жергілікті басылымдар қылмыскер қару-жарақ ұстауға лицензиясы бар Германия азаматы болған. Оқиғадан кейін оның көлігінде қару-жарақ туралы түрлі журналдар мен қарулар табылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.