06-09-21 |
660 рет қаралған
Ауғанстандық қыз-келіншектер арнайы тәртіппен білім алады.
Ауғанстандық қыз-келіншектер арнайы тәртіппен білім алады

Ауғанстандық қыз-келіншектер білім алуды жалғастыра алады. Тек оқу кезінде олар бүкіл денені жауып тұратын хиджаб киіп, бетін никабпен жасырып жүруге міндетті, деп жазды AFP.

Мұндай өзгеріс жалпы білім беру жүйесіне қатысты болады. Сонымен қатар әйелдер мен ер адамдар үшін сабақ екі бөлек жүргізіледі.

Жынысы бөлек білім алушыларға сабақ арасындағы үзіліс пен оқу орнына кіру-шығу кезінде кездесуге қатаң тыйым салынған.

Қыз-келіншектерге сабақты жынысы әйел мұғалімдер немесе «тәртібі жақсы» ер мұғалім өткізеді. 

Талибан* – Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған экстремистік ұйым.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.