08-12-21 |
470 рет қаралған
Ауғанстандық ұстаздар оқушы қыздардың білім алудан шеттетілгеніне алаңдай бастады.
Ауғанстандық ұстаздар оқушы қыздардың білім алудан шеттетілгеніне алаңдай бастады

Ауғанстандық оқушылар билікті Талибан (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) басып алғаннан бері әлі күнге дейін мектепке бара алмай жүргендерін айтты деп жазды Би-би-си.

Басылым мәліметінше, Кабулдағы мектеп мұғалімдері көптеген оқушы қыздың  сабақты тастап кеткеніне алаңдаулы.
Басқа мектептерде олардың мектепке қайтып келуіне мүлде рұқсат етілмеген.

«Оқушылар шынымен ренжіді, олар психикалық жағынан азап шегуде. Мен оларға үміт беруге тырысамын, бірақ бұл қиын, өйткені олардың бойларын қайғы мен үрей билеген», – деді Кабулдағы бір мектеп директоры.

Бұған дейін Білім министрінің орынбасары міндетін атқарушы Абдул Хаким Хемат қыздарға орта мектепке баруға ресми түрде рұқсат берілмейтінін айтқан. Соңғы шешім келесі жылы білім берудің жаңа саясаты бекітілгенде қабылданады.

Мазари-Шариф қаласында жергілікті бас мұғалім қыздардың мектепке кедергісіз бара алатынын айтты. Бірақ тағы бір студент тәліптер көшеде жүріп, олардың беттері жеткілікті түрде жабылғанын тексереді дейді. Сондықтан олардың отбасы көп қызды көшеге шығаруға қорқады.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.