09-11-20 |
580 рет қаралған
Біріккен Араб Әмірліктерінде ішімдік ішуге рұқсат берілді.
Біріккен Араб Әмірліктерінде ішімдік ішуге рұқсат берілді

Біріккен Араб Әмірліктері ішімдік ішу мен өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасағандарға қолданылатын жазаны алып тастады. Билік сонымен бірге некеге отырмаған жұптарға бірге тұруға рұқсат берді. Бұл туралы National басылымы хабарлады.
Қарашаның 7 күні Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Халифа бен Зейд Аль Нахайян жеке мәртебе мен азаматтық қарым қатынас туралы заңның тармақтарына, қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық кодекске енгізілген өзгерістерді бекітті. Осыған сәйкес енді бұл елде ішімдік ішу қылмыс болып саналмайды. 21 жастан асқан азаматтарға өз иелігіндегі жерде немесе рұқсат етілген қоғамдық орындарда алкоголь тұтынуға рұқсат берілді. Біріккен Араб Әмірліктері бұған дейін 21 жастан асқан мұсылман болып саналмайтын шетел туристері мен азаматтарына ғана ішімдік ішуге рұқсат еткен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.