31-10-20 |
680 рет қаралған
Біртанов қамауға алынып, 526 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген.
Біртанов қамауға алынып, 526 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қамау алынғаны туралы хабар тарады. Бұл туралы ҚазТАГ өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып жазады.

«Біртанов ұсталды. Ол қазір уақытша тергеу изоляторында» деген ақпарат агенттігінің дереккөзі.

Алдын ала нұсқа бойынша Біртанов цифрландыруға бөлінген 526 миллионға жуық теңге жымқырды деген күдікке ілініп отыр-мыс.

Елжан Біртановты биыл 25 маусымда президент Тоқаев қызметінен алып, орнына Алексей Цойды тағайындағаны мәлім. Біртанов денсаулық саласын басқарып тұрғанда коронавирус пандемиясымен күрес барысында көптеген даулы мәселелер туындап, қоғамда қызу талқыға түскен еді.

Бұрынғы министрдің ұсталғаны туралы құзырлы орындар ресми ақпарат таратқан жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.