07-12-19 |
600 рет қаралған
Белоруссияда Ресейге қосылуға қарсы митинг өтіп жатыр (видео).
Белоруссияда Ресейге қосылуға қарсы митинг өтіп жатыр (видео)

фото:  qw.com

Белоруссия астанасы – Минскіде Ресейге қосылуға қарсы митинг өтіп жатыр. Митингі жүздеген адам қатысуда. Кейбір деректерге митингішілер саны қарағанда 730 дан 1000 адамға дейін жетеді.

Митинг Минскідегі Октябрь алаңына жиналып, сол жерден Тәуелсіздік алаңына дейін шерулетіп барған.

Митинг Белоруссияның Ресейге қосылуына қарсы өтіп жатыр. Белоруссия мен Ресей арасындағы одақтастық туралы келісімді Ресей одан әрі тереңдетпекші. Белоррусь қоғамы екі ел арасындағы ықпалдастықтың тереңдеуі егемендікке қауіп төндіріп, Белоруссияны Тәуелсіздіктен айырады деп есептейді. Сол себепті оппозициялық партиялар, саяси күштер, қоғамдық-саяси тұлғалар халықты митингіге шығуға шақырған.

Белоруссия мен Ресей арасындағы одақтастықты тереңдету туралы келісімге екі ел президенттері 9 желтоқсанда Сочиде қол қойылады делініп отыр.

Белорусь рпезидентті Лукашенко «Мен президент болып 3-5 жыл отырған бала емеспін. Біз ешқашан өзге елдің тіпті бауырлас Ресейдің де құрамына кірмейміз. Кіретін ойымызда жоқ» депті. Алайда Сочииде қол қойылатын құжат Белорусь қоғамына құпия. Ол құжат қоғам талқысына ұсынылмаған, жарияланбаған. Құжаттың не себепті қоғамға ашық әрі жариялы болмағанын талап етіп, қоғамдық ұйымдар Белорусь үкіметін сотқа берген. Сөйтсе үкімет «ол құжат тек қызмет бабында ғана пайдалануға арналған» депті. Сөйтіп Лукашенко мен үкіметтің сөзіне сенбей отырған Белорусь қоғамы Ресейден өз елінің Тәуелсіздігін қорғау үшін митингіге шықты. Митингіге рұқспт берілмеген. Бірақ полиция әзірге ешкімді ұстамаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.