02-08-20 |
930 рет қаралған
Денсаулық сақтау вице-министрі ұсталды.
Денсаулық сақтау вице-министрі ұсталды

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды.

«Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитеті экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті ұстағанын растайды. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп отыр» деп хабарлады Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитетінің баспасөз қызметі, 

Олжас Әбішев 2018 жылы денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған. Оған дейін ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» РМК бас директоры болып істеген.

Олжас Әбішев 1983 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін, 2005 жылы Әулие Ата университетін, 2006, 2010 жылдары Инженерлік колледжді, Андон ұлттық университетін (Оңтүстік Корея) тәмамдаған. Мамандығы бойынша -экономист-информатик, заңгер-құқықтанушы.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған.

Түрлі жылдары «Қазагромаркетинг» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ, «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ, «Astana Innovations» АҚ, «Тұран Астана» университетінде, сондай-ақ, коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.