11-09-20 |
370 рет қаралған
Лукашенко Путинмен ақылдасу үшін Ресейге бармақшы.
Лукашенко Путинмен ақылдасу үшін Ресейге бармақшы

Белорусь президенті Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинмен ақылдасу үшін Ресейге бармақшы. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты.

«Лукашенконың сапары дүйсенбі, 14 қыркүйекте болады. Ол жұмыс сапарымен келеді және президент Путинмен сөйлеседі» деді Песков.

Белорусьте Лукашенконың орнынан кетуін және қайта сайлау өткізуді талап еткен қарсылықтар әлі жалғасып жатыр. Қарсылық акцияларына қатысушылар ұсталып, істі болуда. Оппозицияның үйлестіру кеңесі мүшелері де күшпен шетел асырылып, Колесникованың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны мәлім.

Ал Лукашенко болса, биліктен кетпейтінін, қайта сайлау өткізбейтінін бірнеше рет айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.