17-06-20 |
1230 рет қаралған
Қазақстан сарбаздары парадқа қатысуға Ресейге барды.
Қазақстан сарбаздары парадқа қатысуға Ресейге барды

фото: redstar.ru

Ресей астанасы – Мәскеуде екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 75 жыл толуына орай өтетін парадқа қатысуға Қазақстан сарбаздары Мәскеуге барған. Бұл туралы Ресейдің құрлықтағы әскерінің бас қолбшасысы, армия генералы Олег Салюков айтты.

«Біз қазір 12 елдің сарбаздары келді. Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Молдова, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанан әскер келді. Олардың көбі 15 маусымда парад жаттығуына қатысты» деген Олег Салюков.

Бұған дейін Мәскеуде өтетін парадқа қатысуға Ресей президенті Путин Қазақстан президенті Тоқаевты шақырған. Тоқаев шақыруды қуана қабылдағанын айтқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.