07-06-23 |
730 рет қаралған
Қазақстан сарбаздары Ресей шекарасын күзете ме?.
Қазақстан сарбаздары Ресей шекарасын күзете ме?

Қазақстан әскерилері Ресей шекарасын күзетуге баратын, бармайтыны белгілі болды.

Мәжіліс алаңында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қазақстандық әскери қызметкерлердің Ресей шекарасы мен қалаларын күзету үшін жіберілуі мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді.

Руслан Жақсылықов бұл ақпараттың жалған екенін айтты.

Мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі ретінде, барлық жауапкершілікті өз мойныма ала отырып, Қазақстан Қарулы Күштері біздің территориямызда екенін, басқа елдің аумағын күзетуге қатысты кез келген міндеттемелерді, кейбір мәселелерді шешуді, бітімгершілік миссияларды орындауды тек БҰҰ қамқорлығымен ғана жүзеге асыратынымызды мәлімдеймін. Бірақ біз ҰҚШҰ-ға қатысушы елдердің аумағында ешқандай тапсырма орындамаймыз және ешқайда кетпейміз, алаңсыз болыңыз. Біз ешқайда бармаймыз», – деп сендірді Қорғаныс министрі.

Естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын ҰҚШҰ аясында Қазақстан сарбаздары Ресей шекарасын қорғауға баруы мүмкін деген қауесет тараған болатын.

Arasha.kz

ФОТО: news.myseldon.com

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.