18-03-20 |
440 рет қаралған
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 35-ке жетті.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 35-ке жетті

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 35-ке жетті деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Оның ішінде Алматыдан – 17, Нұр-Сұлтанда – 18 жағдай тіркеліп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде төтенше жағдай жарияланған, ал 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылды.

18 наурыз күнгі ДДСҰ мәліметтері бойынша COVID-19коронавирусы 154 елде табылып отыр. Коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны – 197 139, оның 7916 қайтыс болды, ал 81 738 адам аурудан айықты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.