04-05-21 |
280 рет қаралған
Қазақстандық кәсіпкер Қырғызстан президентіне кеңесші болды.
Қазақстандық кәсіпкер Қырғызстан президентіне кеңесші болды

Қазақстандық кәсіпкер Алмаз Ибрагимов Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұл туралы Қырғызстан президентінің ресми сайты хабарлады.

Алмаз Ибрагимов – Қырғыз КСР Ыстықкөл облысының тумасы, көптеген жылдар бойына Қазақстанның ірі өндірістік кәсіпорындарының топ-менеджері болды.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, Алмаз Ибрагимов әр жылдары Қаскелеңдегі Полимер зауытының директоры, Павлодар алюминий зауытының бас директоры, «Қазақстан алюминийі» АҚ президенті және Қазақстан электролиз зауытының президенті болған.

Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін Алмаз Ибрагимов «Құрмет» және «Отан» ордендерімен марапатталды, ол сонымен қатар I және III дәрежелі «Барыс» ордендерінің және «Еңбек даңқы» иегері. Қазақстан минералды ресурстар академиясының құрметті академигі және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағына ие.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.