09-12-20 |
630 рет қаралған
Құлыбаев «ондаған миллион доллар пайда көрді» делінген мақаладағы ақпаратпен келіспейді.
Құлыбаев «ондаған миллион доллар пайда көрді» делінген мақаладағы ақпаратпен келіспейді

Тимур Құлыбаев бас прокуратурадан Financial Times газетінде жарияланған мақаладағы ақпаратты тексеруді сұрады. Бұл туралы 8 желтоқсанда Inbusiness сайты хабарлады

Inbusiness-те жарияланған хабарламада Құлыбаевтың «нақты фактілермен дәлелденбеген тұжырымдардан» құралған, «өзара қиыспайтын субъективті қорытындыларға негізделген» мақаладағы ақпаратпен келіспейтіні жазылған.

«Құлыбаев Т.А. мақалада айтылған келісімге ешқашан тіке немесе жанама түрде араласқан емес. Жоғарыда айтылған жайттарды ескере отырып, Құлыбаев Т.А. Қазақстан бас прокуратурасынан ресми түрде жан-жақты тексеруді өтінді» делінген хабарламада.

3 желтоқсанда Financial Times-да жарық көрген мақалада авторлар басылым қолына түскен құжаттарға сүйенген. Зерттеу авторлары Қазақстанның экс-президентінің күйеу баласы Құлыбаев ресейлік кәсіпкер Александр Кармановқа тиесілі ЕТК компаниясының Қазақстаннан өтетін газ құбырынан көрген пайдасынан үлкен үлес алған деп қорытынды жасаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.