01-04-24 |
7180 рет қаралған
75 млн теңгенің тендерін өткізуде заң бұзушылықтар анықталды.
75 млн теңгенің тендерін өткізуде заң бұзушылықтар анықталды

Ерейментау аудандық прокуратурасымен жергілікті атқарушы органдардың қызметінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормаларын сақтау бойынша талдау жүргізген.

Аудан әкімдігі заңнама талаптарын бұза отырып, веб-порталда жалпы сомасы 75 млн теңгеге 5 дана су тарату пункттерін сатып алу жоспары бекітілгені анықталды (бірлігінің орташа бағасы 15 млн теңгені құрады).

Бұл сатып алу заңсыз «бір көзден», яғни бәсекелестік ортадан тыс, тікелей шарт жасасу арқылы жоспарланған.

Сонымен қатар, интернет желісіндегі хабарландырулар мониторингімен тауар бірлігінің орташа бағасы 9,3 млн теңгені құрайтыны анықталды, бұл 5 млн теңгеге арзан (үнемдеу жиынтығы  29 млн теңгені құрайды).

Қадағалау актісімен жоғарыда көрсетілген сатып алудың күші жойылып, кінәлі лауазымды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, Ерейментау ауданы прокуратурасының шараларымен 75 млн теңге сомасына заңсыз сатып алулардың алдын алды және бизнес субъектілеріне ашық конкурсқа бәсекелестік қолжетімділік қамтамасыз етілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.