28-06-24 |
39590 рет қаралған
Алимент төлемеген азамат қамауға алынды.
Алимент төлемеген азамат қамауға алынды

Шахтинск қаласы прокурорының қаулысының негізінде сот қаскөй борышкерді алимент төлемегені үшін әкімшілік қамауға алды.

Прокурорлар кәмелетке толмаған баланың әкесі тұрақты табысы болуына қарамастан ұзақ уақыт бойы алимент төлеуден жалтарғанын анықтады. Қазіргі уақытта оның қарызы 5 миллион теңгеден асады. Сот орындаушысы борышкерді хабардар ету, шоттары мен мүлкіне тыйым салу, сондай-ақ өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілікті түсіндіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаған.

Сот актісі орындалды, борышкер қамауға алудың белгіленген мерзімін өтеп жатыр. Борышкерлерді жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.