06-03-24 |
3560 рет қаралған
Алматы әуежайында жалған құжат ұсынған шетелдіктер ұсталды.
Алматы әуежайында жалған құжат ұсынған шетелдіктер ұсталды

 ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан аумағын заңсыз қөші-қон үшін маршрут ретінде пайдаланудың кезекті әрекетін анықтады.

2024 жылғы 1 наурызда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция Республикасының жалған құжаттарын ұсынған 2 шетелдік азамат ұсталды.

Арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың жарамсыздығы расталды.  

Жалған төлқұжаттар алынды, шетелдік азаматтар депортацияланды.

2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды пайдаланудың 38 фактісінің жолын кесті.

ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды пайдалана отырып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауап көзделгенін хабарлады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.