27-03-24 |
8770 рет қаралған
Астанада Бишімбаевтың соты өтіп жатыр (Тікелей эфир).
Астанада Бишімбаевтың соты өтіп жатыр (Тікелей эфир)

Астанада алқа билердің қатысуымен бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ашық сот отырысы басталды.

Бишімбаев өз әйелі Салтанат Нүкенованы айуандықпен өлтірді деп айыпталуда.

Сот отырысы әлеуметтік желілерде көрсетіліп жатыр, ал сот алқабилердің жүзін көрсетуге тыйым салды.

Айта кетсек, 2023 жылы 9 қараша күні кешке әлеуметтік желіде экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіргені туралы хабарлама тараған болатын. 2024 жылдың 8 қаңтарында экс-министр Бишімбаевты айуандықпен өлтірді деген айып тағылған қылмыстық іс аяқталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.