12-08-20 |
420 рет қаралған
«Билік өкілін қорлады және күш қолданды» деп айыпталған Төлесоваға үкім шықты.
«Билік өкілін қорлады және күш қолданды» деп айыпталған Төлесоваға үкім шықты

фото: holanews.kz

«Билік өкілін қорлады және күш қолданды» деп айыпталған азаматтық белсенді Әсия Төлесоваға сот үкімі шықты. 12 тамызда Алматының Медеу аудандық соты айыпталушының бас бостандығын 1 жыл 6 айға шектеу туралы үкімет етті.

Істі қараған судья Шәкіров: «Сот Әсия Төлесованы 378-баптың 2-бөлімі бойынша кінәлі деп тауып,  20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 55 560 теңге көлемінде айыппұл сау туралы үкім етті. 380-баптың 1-бөлімі бойынша кінәлі деп тауып,  1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесу туралы үкім етті», – деді үкімде.

Судья Төлесованы сот залынан босатуды сұрады. Ол уақытша қамау абақтысынан бүгін шығады. 

Төлесова 6 маусымда болған рұқсат етілмеген митинг кезіндегі әрекеті түрткі болып, ол полиция қызметкерлеріне қол жұмсады, қорлады деген айыппен ұсталған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.