11-03-24 |
8800 рет қаралған
Бишімбаев әйелін үнемі қинап, ұрып-соғып отырған – прокурор.
Бишімбаев әйелін үнемі қинап, ұрып-соғып отырған – прокурор

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген Ұлттық экономиканың бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды.

Алдын ала сот отырысына судья Айжан Құлбаева төрағалық етуде.

Сот отырысында прокурор бірнеше мәлімдеме жасады. Оның айтуынша:

– Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некелері ресми түрде тіркелмеген

– Бишімбаев өлтірілген әйелдің барлық телефон қоңырауларын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салып, оны толығымен қаржылық тәуелді етті.

– Қызғаншақ және жүйелі түрде физикалық күш қолданған

– 2023 жылдың наурыз айының ортасында Астанада Бишімбаев Нүкенованы ұрған

– Салтанат Нүкенова ағасына шағымданған. Ол оны Бишімбаевпен ажырасуға көндірмек болған, бірақ ол көнбеген

– 2023 жылдың жазында Бишімбаев Нүкенованы Алматыға көшуге үгіттеген. Ол зорлық-зомбылық тоқтатылады деген үмітпен келісті. Алайда ол оған физикалық күш көрсетуді жалғастырды.

Айта кетсек, Ұлттық экономиканың бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаев 2023 жылы 9 қарашада әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Тергеушілердің мәліметінше, «БАУ» мейрамханасында ол әйелі Салтанат Нүкенова екеуінің арасында жанжал шыққан. Ол соққыдан қайтыс болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.