22-06-24 |
23040 рет қаралған
Бишімбаев пен Байжановтың аппеляциялық соты тікелей эфирде өтеді.
Бишімбаев пен Байжановтың аппеляциялық соты тікелей эфирде өтеді

Өз әйелін қатыгездікпен өлтіріп, 27 жылға сотталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатысы тікелей эфирде өтеді. Бұл туралы ҚР жоғарғы соты хабарлады.

«Судьяның а.ж. 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді. Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.

Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді.

Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы Соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.