09-07-24 |
16070 рет қаралған
Биыл Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар 7 топ ұсталды.
Биыл Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар 7 топ ұсталды

Алматы облысында жыл басынан бері мал ұрлығына қатысы бар 7 топ ұсталды, олардың 19 мал ұрлығына, оның ішінде 12 ауыр санаттағы қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

– Сәуір айында Балқаш ауданы Береке ауылының тұрғыны төрт сиырдың жоғалғаны туралы полицияға арызданды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында шаруа қожалықтарының бірінің аумағында ұрланған сиырды сойып жатқан жерінде екі жергілікті тұрғын ұсталды.

Күдіктілер қамауда. Олардың төрт мал ұрлығына қатысы бар екендігі дәлелденді. Қазіргі уақытта іс қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – деп атап өтті Балқаш аудандық полиция бастығының орынбасары Нұрлан Мұратұлы.

Өңір полицейлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері сомасы 55 миллионға жуық 95 малды иелеріне қайтарып берді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.