24-09-24 |
2700 рет қаралған
БҚО-да жер учаскелері заңсыз төмендетілген бағада сатылған.
БҚО-да жер учаскелері заңсыз төмендетілген бағада сатылған

Бәйтерек ауданында жалпы ауданы 45,9 гектар жер телімдері бау-бақша және саяжай құрылысына сатып алу құқығымен азаматтардың жеке меншігіне заңсыз берілген. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

Учаскені жеке меншікке беру кезінде белгіленген төлемнің базалық мөлшерлемесі негізсіз төмендетілгені, осылайша учаскелер 1,1 млн теңге көлемінде төмен бағамен сатылғаны анықталды, ал нақты бағасы 107,3 млн теңгені құрады.

«Аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығына қатысты қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді (ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармақ) жүргізді. Қылмыстық іс аудандық сотқа жіберілді», – делінген хабарламада.

2024 жылдың 16 қыркүйегінде сот сотталушыны кінәлі деп тауып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы талап толығымен қанағаттандырылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.