03-11-20 |
460 рет қаралған
Дүркіретіп той жасаған ауыл әкімі қызметінен кетеді (видео).
Дүркіретіп той жасаған ауыл әкімі қызметінен кетеді (видео)

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол ауылының әкімі Тәтжан Өтемісов карантин талаптарын бұзып, ұлының үйлену тойын дүркіретіп жасағаны үшін қызметінен кетеді. Бұл туралы «Мой город» жаңалықтар порталы жазады.

«Бұл мәселеге қатысты тексеру жасалды. 9 қарашаға дейін Тәтжан Өтемісов еңбек демалысында. 10 қарашадан бастап қызметінен босатылады. Және карантин талаптарын бұзғаны үшін оған 41 мың теңге айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылық протокол толтырылды» деді БҚО әкімі аппаратының жетекшісі Берік Батаев.

Бұған дейін ауыл әкімі ұлының дүркіреп өткен тойынан видео көріністер тараған еді.

фото: mgorod.kz

 

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.