14-03-24 |
5560 рет қаралған
Екібастұз әкімдігі 126 млн теңге болатын учаскеге 1 млрд жұмсамақ болған.
Екібастұз әкімдігі 126 млн теңге болатын учаскеге 1 млрд жұмсамақ болған

Екібастұз қаласының әкімдігі МАЭС-3 құрылысына арналған жерлерді сатып алуға бөлінген 1 миллиардтан астам бюджет қаражатын шығындамақ болған. Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы хабарлады.

«Екібастұз қаласының әкімдігі ауылдық аймақтағы ауданы 25 га және 5 га екі учаскеге бағалау жүргізген, алайда ұқсас жер үшін құны едәуір жоғары қалалық жерлердің бағалары пайдаланылған. Нәтижесінде нақты құны 126 млн болатын екі учаске бюджетке 1 001 197 999 теңгеге шығын келтіре жаздады», – делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік өтінім кері қайтарылды, учаскелердің меншік иелерімен оларды сатып алу туралы келісімдер жойылды, кінәлі лауазымды тұлғалар жазаланды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.