18-04-24 |
7500 рет қаралған
Әкімдік қызметкерлері жемқорлықтан полицейлерді басып озды.
Әкімдік қызметкерлері жемқорлықтан полицейлерді басып озды

Ең көп таралған сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық пара алу болып қала береді.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар саны өскен. Мұндай статистиканы finprom.kz келтірді. 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 404 адам анықталған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 2,4 пайызға аз.

Сотқа тартылғандардың ішінде ең көбі әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері болды: 67 адам. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен бірден 71,8%-ға артық. Ішкі істер органдарының қызметкерлері де жиі кездесті: өткен жылдың қаңтар-наурыз айларында 61 адам болса, осы жолы 28 адам. Тағы 8 жемқор Көлік министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істегені анықталды.

Жемқорлыққа барғандардың үштен біріне жуығы пара алу кезінде ұсталған: 82 адам. 78 адам пара берген. 5 адам парақорлыққа делдал болған. Сыбайлас жемқорлық алаяқтығы да «танымал» заң бұзушылық болып қала береді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.