19-06-24 |
10610 рет қаралған
Кассациялық тәртіпте азаматтық және қылмыстық істерді алдын ала қарау алынып тасталады.
Кассациялық тәртіпте азаматтық және қылмыстық істерді алдын ала қарау алынып тасталады

Мәжіліс сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Түзетулер Мемлекет басшысының сот жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған.

Заң жобасы аясында Қылмыстық-процестік кодекске (ҚПК), Азаматтық процестік кодекске (АПК), Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске (ӘРПК) және басқа да заңдарға түзетулер енгізіледі.

Жобада азаматтық және қылмыстық істер бойынша істерді алдын ала қарау кезеңін алып тастау ұсынылып отыр. Сотқа жүгінудің бірыңғай ережелері енгізіледі.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі жаңа міндетпен толықтырылады. Бұл азаматтарға құқықтық қатынастардың нақты саласындағы дауларды шешу практикасында бағдар алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ талап қоюшының таңдауы бойынша эксаумақтық соттылықты әкімшілік істерге де қолдану ұсынылады, бұл соттарға деген сенімді арттырады.

Сонымен қатар аумақтық әділет органдарына жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау құқығы беріледі. Яғни, сотқа талап арыз берілгенге дейін шағымды аумақтық орган қарауға тиіс. Бұл сот талқылауларының санын қысқартып, атқарушылық іс жүргізудің жедел орындалуына ықпал етеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.