08-03-24 |
16440 рет қаралған
Колония басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды.
Колония басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

7 наурызда Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің № 57 мекемесінің басшысы ұсталды. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, №57 мекеме Алматы облысы Заречное ауылында орналасқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.