14-03-24 |
7920 рет қаралған
Әлия Назарбаеваны рейдерлік бойынша айыптаған арыз Қаржы мониторинг агенттігіне жолданды.
Әлия Назарбаеваны рейдерлік бойынша айыптаған арыз Қаржы мониторинг агенттігіне жолданды

Бас прокуратура Қаржы мониторингі агенттігіне Әлия Назарбаева мен Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасы Валентина Рогованы рейдерлік жолмен құны 170 миллион доллар болатын бизнесті басып алды деп айыптаған кәсіпкердің арызын жолдады.

Мұндай арыздың келіп түскенін Бас прокуратура растады.

«2024 жылғы 4 наурызында аталған арыз Бас прокуратураның ақпараттық кітабына тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Қаржы мониторингі агенттігіне (ҚБҚА) жіберілгенін хабарлаймыз», – делінген прокуратураның мәлімдемесінде.

Айта кетсек, 28 ақпанда ұлттық баспасөз орталығында “Әлия Назарбаева мен Валентина Рогованың 170 млн доллар тұратын бизнесті рейдерлік жолмен басып алуы” бойынша баспасөз конференциясы өткен еді. Онда 2003 жылы Әлия Назарбаева өз шенін пайдалана отырып, құны 170 миллион доллар тұратын (2003 жылғы есеп бойынша) жеті мұнай базасы мен 96 жанармай құю бекеті бар  кәсіпорынды басып алғаны айтылды. Осы жолда бұрынғы иелерін түрмеге қамап, дене жарақатын саламын деп қорқытқан. Оның қоқан-лоққылары сенімдірек болуы үшін, ол күндіз Алматының орталығындағы кәсіп иелерінің бірінің әкесін ашық түрде ұрлап кеткен және куәгерлердің айтуынша, ұрлауға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін.

Қылмыстың сыбайласы Валентина Рогова болған, ол Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Президенттің көмекшісі болған Игорь Иванович Роговтың әйелі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.