23-09-24 |
2940 рет қаралған
Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушыдан 175 млн тенге өндірілді.
Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушыдан 175 млн тенге өндірілді

Облыс прокуратурасымен Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының қызметінде жүргізілген тексерумен жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнама талаптарының бұзылуы анықталды.

Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы«BNG Ltd» ЖШС жер қойнауын пайдалану кезеңінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына 2022-2023 жылдарға арналған шығыстар бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау шараларымен мемлекет кірісіне 175 млн теңге қаржы өндірілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.